Тобыл өзенінің жағасынан ер адамның мәйіті табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай ауданында Тобыл өзенінің жағасында ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ақпаратты Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға Қостанай ауданында болған.

«26 маусым күні сағат 17:16-да Заречный ауылының тұрғындары Тобыл өзенінің жағасында ер адамның денесін тапты. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар жасалып жатыр», - деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске салсақ, 25 маусым күні Қостанай облысында 10 жасар бала су тоғанына түсіп, мерт болды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум