«Тобыл» жарысты жалғастыра алмайды: футболдан UEFA Конференция лигасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Конференция лигасында Қостанайдың «Тобылы» жарыстың үшінші сатысынан аса алған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Зриньски» командасы 1905 жылы құрылған. Өзінің елінде жеті мәрте чемпион атанды.

Екі команда 2010/11 жылғы кезеңде Еуропа лигасында бір мәрте шеберлік байқасты. Екеуінде де аталған клуб 2:1, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Сол кеткен есені «Тобыл» қайтара ала ма?

Кездесу барысында босниялық команда сапынан Марио Чуже 34-минутта есеп ашып кетті. Оған 53-минутта қостанайлық командадан Серж Дебле таразы басын теңестірді.

Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Зриньски» 1:0 есебімен басым түскен еді.

Жарысты жалғастыруға «Зриньски» мүмкіндік алды.

Айта кетсек, бүгін Петропавлдың « Қызылжары « Кипрдің «АПОЭЛ» командасына жол берді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында «Астана» және «Қайрат» жарыс жолынан шығып қалды.



Фото: sports.kz

Соңғы жаңалықтар