Тоғызқұмалақтан ел біріншілігінде жеңімпаздер мен жүлдегер анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті. Оған қатысушылар жекелей сында рапид және блиц түрінен сайысқа түсті.
Қазақстан біріншілігіне еліміздің 17 облысынан 130-ға жуық спортшы келді. Жарыстың ашылу салтанатында ұлттық санатты спорт төреші, ҚР еңбек сіңген спорт шебері және ҚР спорт шебері куәлігі табысталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері төмендегіше:
Әйелдер арасында:
1 орын. Далиева Әсел (Түркістан)
2 орын. Исахан Аяна (Абай)
3 орын. Алдабергенова Гулжанат (Ақтөбе)
3 орын. Салман Аружан (Түркістан)
Ерлер арасында:
1 орын. Ауталипов Ерасыл (Павлодар)
2 орын. Темірбаев Ғалымжан (Шымкент)
3 орын. Әнуарбеков Дархан (Батыс Қазақстан)
3орын Каймульдин Жанат (Павлодар)
Блиц түрінен:
Әйелдер арасында:
1 орын. Салман Аружан (Түркістан)
2 орын. Намаз Ақбота (Түркістан)
3 орын. Алдабергенова Гүлжан (Ақтөбе)
3 орын. Базаралиева Гүлнар (Астана)
Ерлер арасында:
1 орын. Қайыржанов Әсет (Батыс Қазақстан)
2орын. Сагинбаев Жарасхан (Батыс Қазақстан)
3орын. Қайдаров Азамат (Ақтөбе)
3орын. Айтбаев Рахат (Алматы)
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық Кабирхан Дубайда өткен жарыста тағы да топ жарды.