Тоғыз жолдың торабындағы Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғайтын транзиттік елге айналады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустриаландырудың екінші толқыны мен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы жол құрылысы бірінші кезекте тұр. Себебі, тиісті инфрақұрылым болмайынша сыртқа тауар сату мүмкін емес, инвесторлар да ат-тонын ала қашатын болады. Шындығында, Қазақстан үшін жол мен көлік саласын дамыту - бүгінгідей күрделі кезеңде экономиканы дамытудың ең тиімді тетігі.
None
None

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев былтыр 11 қарашада Қазақстан халқына Жолдауында Астанадан барлық бағыттарға автокөлік, темір жол және әуе магистральдары тарайтындай көлік желісі құрылатынын мәлімдеді. Тек, жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 жұмыс орны ашылады. Президент жолды дамыту туралы айтқанда, оның аймақтардың өзара байланысын жақсартатынын, елдің ішкі әлеуетін арттырып, облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтатынын алға тартқан болатын. Сосын күн сайын әлемге тауарын аттандыратын Қытай елінің де транзиттік бір тармағы Қазақстан үстінен өтеді. Ендеше, осындай әлеуетті дамыту ел ішінен тың нарық ашатыны сөзсіз.

Сонымен қатар, 2020 жылға қарай Қазақстандағы көлiк магистральдарының 80 пайызы жоғары сапада болады. Бұған Қазақстанның көлiктiк-транзиттiк жүйесiн дамыту бағдарламасы арқылы қол жеткiзiледi. Бұл стратегияны жүзеге асыру барысында iшкi көлiк жүйемiз жаңарады. Бүгiнде сарапшылардың деректерi бойынша, елiмiзде магистральдардың 70 пайызы ескi күйде. Алдағы бес жылда бөлiнетiн қыруар қаражаттың негiзiнде 2020 жылы магистральдардың 80 пайызы жақсы деңгейде, 19 пайызы қанағаттанарлық сапада болады. Сонымен қатар, Қазақстанда 300-ге тарта вокзал жөндеуден өтедi. 600 локомотив, 20 мың жүк және жолаушылар вагондары алмастырылады. Осылайша, Қазақстан аумағы арқылы өтетiн транзит екi есеге, ал одан түсетiн пайда үш есеге артады. Елiмiздiң көлiктiк-транзиттiк стратегиясының басты мақсаты - Қазақстанды Еуразияның қуатты транзиттiк хабына айналдыру. Зерттеулер бойынша, 2020 жылға қарай Қытай мен Еуропа арасындағы сауда айналымы 800 млрд. доллардан 1 трлн. долларға дейiн жетуi ықтимал. Бiздiң мiндетiмiз, осы жүктердiң негiзгi бөлiгiнiң, бiздiң ұлттық мүддемiзге пайдалы болатын үлесiнiң Қазақстан аумағы арқылы тасымалдануын қамтамасыз ету. 2020 жылы Еуропа мен Қытай арасындағы сауда тауарларының 10 пайызы автомобиль және темiржол магистральдары арқылы транзиттелмек. Қазiргi оның үлесi тек 1-2 пайыз шамасында. Сондықтан, Қазақстан Қытаймен құрлықтық-көлiктiк дәлiздердi салуға мүдделi. ҚХР мен Еуроодақ арасындағы жүк тасымалы 117 млн. тоннадан 170 млн. тоннаға дейiн артпақ. Қазақстан 2020 жылы трансқазақстандық бағытқа шамамен оның 10 млн. тоннасын тартуды жоспарлауда. Осы мақсатта көлiктiк-транзиттiк жүйенiң дамуына 40 млрд. доллар капитал тартылады. Осы жобалардың қайтарымы да мол. Мамандардың бағалауы бойынша, көлiктiк инфрақұрылымға бөлiнген 1 млрд. доллар 20 мың жаңа жұмыс орнын ашпақ. Еншiлес салаларда қосымша 11 мың жұмыс орны құрылады. Бiз ұлттық экономикамыздың әлеуетiн арттыру арқылы қатпарлы әлеуметтiк мәселелердi шешуге де жол ашамыз. Бұл міндет еліміздің көліктік хаб қалыптастыру тұжырымдамасына да сәйкес келеді әрі макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Бұны жүзеге асыру үшін ең бірінші кезекте Астананы және макроөңірлерді магистральді автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен байланыстыратын инфрақұрылым қаңқасы құрылатын болады. Сонымен қатар, осы мақсатта жол құрылысы саласында 2020 жылға дейін жалпы құны 2,4 трлн. теңгені құрайтын 12 мегажоба жүзеге асырылмақ. Негізгі автожолдар жобасы ретінде «Батыс Қытай - Батыс Еуропа», «Орталық - Оңтүстік», «Орталық - Шығыс», «Орталық - Батыс», «Алматы - Өскемен», «Астана - Петропавл», «Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда», «Жезқазған - Петропавл», «Орал - Каменка», «Жетібай - Жаңаөзен» бағыттары қамтылып отыр. Бұдан бөлек, 7,5 мың шақырымнан астам автожол қайта жаңғыртылады, ал 2015-2017 жылдардың бюджет жобасында 707 млрд теңге көзделіп отыр. Сонымен бірге, 2015-2016 жылдары Ұлттық қордан қосымша 321 млрд теңге бөлу жоспарланады. Ал 2020 жылға дейін қалған қаражатты жабу үшін халықаралық қаржы ұйымдарын тарту жоспарда бар. Бұл тұрғыда мемлекет жол құрылысын салушыларға ғана емес, оған қажетті құрылыс материалдарын өндіретін нысандарға, ұзыннан ұзақ жалғасатын жол бойындағы тіршілік қызметтеріне жан бітіріп, сол арқылы шағын және орта бизнеске де зор мүмкіндік туғызғалы отыр.

Соңғы жаңалықтар