17:17, 12 Желтоқсан 2020 | GMT +5
Тоғызқұмалақ: БҚО құрамасы командалық жарыста ел чемпионы атанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында тоғызқұмалақтан 20 жасқа дейінгілер арасында командалық ел чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тоғызқұмалақтан БҚО құрамасының аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімовтің мәлім еткеніндей, 7-12 желтоқсан аралығында өткен командалық чемпионатқа еліміздің тоғыз облысынан 60-қа жуық спортшы қатысты.
Олардың ішінде үшеуі – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 41-і спорт шебері болса, 10-ы – бірінші дәрежелі спортшы.
Жарыс қорытындысында БҚО құрамасы жеңімпаз атанды.
Павлодарлықтар екінші, қызылордалық тоғызқұмалақ шеберлері үшінші орынға ие болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын тоғызқұмалақтан Қазақстан кубогы өткенін жазған едік.