Тоқаев: Әкімдердің жылына бір өтетін есеп беру кездесулері – көзбояушылық

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл - заңның үстемдігі. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек. Түркістан жұртшылығымен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.
None
None

"Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың басты мақсаты - азаматтардың құқығын қорғау. Мұндағы менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл - заңның үстемдігі. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек. Орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланатын болады. Сондықтан басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. Жылына бір рет ұйымдастырылатын есеп беру кездесулері – көзбояушылық. Халықпен күн сайын бірге болып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Жемқорлықпен күрес күшейе түседі", - деп келтіреді Президенттің сөзін Ақорданың твиттердегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар