Тоқаев: Еуропалық одақтың Транскаспий көлік бағытын қолдау мүмкіндігін қарастырдық

«Халықаралық көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығын атап өттік. Бұл қазіргі геосаяси жағдайда өте өзекті мәселелердің бірі. Сондай-ақ Еуропалық одақтың Транскаспий халықаралық көлік бағытын қолдау мүмкіндігін қарастырдық. Бұдан бөлек, Еуропа санкцияларының Қазақстан экономикасына ықпалын болдырмау мәселесін талқыладық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ҚР Президенті демократия, адам құқықтары және заң үстемдігін сақтау саласындағы диалогты одан ары күшейту мәселелеріне де тоқталғандарын атап өтті.
«Президент Шарль Мишель мемлекетіміздің жаңа даму кезеңі – Әділетті Қазақстан құру жолында жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларымызды қолдайтынын жеткізді. Мен де Еуропалық тараптың түрлі бағдарламалар аясында елімізге көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысымды білдірдім», - деді Мемлекет басшысы.