Тоқаев Қатар мемлекетінің Ұлттық мерекесімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қатар Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Қатар Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мен оның отандастарын Қатар Мемлекетінің Ұлттық мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің бірі екеніне тоқталып, екі ел арасында сындарлы және мазмұнды қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен бауырластық рухындағы берік ынтымақтастық нығая түсіп, қос халықтың игілігі үшін ілгерілей беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына құт-береке тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысында бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум