Тоқаев: Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» жобасын маңызды транзиттік бағыттармен ұштастыруды көздейді

АСТАНА. KAZINFORM – «Қорғас» Қытаймен сауда-экономикалық байланыстарда Орталық Азияның басты қақпасына айнала алады. Бұл туралы «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Закон джунглей»: Си Цзиньпин высказался о мировой торговой войне
Фото: Ақорда

- «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы біздің елдеріміз арасындағы экономикалық өзара іс-қимылға тың жаңа серпін беруге бағытталған. Аталған халықаралық орталық бірегей сауда-логистикалық торап саналады және Қытаймен сауда-экономикалық байланыстарда Орталық Азияның басты қақпасына айнала алады. Қазақстан Үкіметінде өткен уақыттағы жіберілген олқылықтарды ескере отырып, осы бағыттағы тиімділікті арттыру үшін күш-жігерді арттыру тапсырмасы бар. Қазақстан бүгін қол қойылған «Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іс-қимыл жоспары» мен «Орталық Азия-Қытай өнеркәсіптік кооперациясы жоспары» құжаттарын уақтылы іске асыру үшін шаралар қабылдайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пайымынша, Еуропа мен Азияның ірі өңірлерін жалғауда Орталық Азия басты логистикалық хабқа айналып келеді.

- Былтыр Қытайдан Орталық Азия елдері арқылы тасымалданған жүк көлемі 12 пайызға артып, 211 мың контейнерден асты. Қытайдан Еуропаға құрлық жолдарымен жөнелтілетін жүктің 85 пайызы Қазақстанға тиесілі. Біз құрлықаралық байланысты күшейтуге және Орталық Азия аймағының бәсекелестік артықшылығын барынша пайдалануға ерекше мән береміз. Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» мегажобасының алғашқы буыны ретінде бұл бастаманы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа», Транскаспий халықаралық көлік дәлізі және «Солтүстік – Оңтүстік» секілді маңызды транзиттік бағыттармен ұштастыруды көздейді, - деді Мемлекет басшысы.

«Орталық Азия – Қытай» ІІ саммитіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар