Тоқаев қазақстандық семсерлесушілерді Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесу Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады.
Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өткен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанғанын хабарлаған едік.