Тоқаев Құрбан айт қарсаңында екі адамға рақымшылық жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Балтабай мен Ярослав Голышкинге рақымшылық жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Ақпаратты Берік Уәли агенттік тілшісіне растады.

Павлодардағы «Версия» газетінің бас редакторы болған Ярослав Голыщкин 2015 жылдың 30 қазанында бопсалау және кәмелет жасына толмаған тұлғаны ауыр қылмысқа тарту баптары бойынша сот шешімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылып, бүкіл мүлкі тәркіленген болатын.

Ал Шымкент қаласындағы «Лайықты еңбек» кәсіподақ қозғалысының жетекшісі болған Ерлан Балтабай бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иелену бабы бойынша 7 жылға сотталып, қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес ұйымдарды басқару құқығынан айырылған. Оған кәсіподаққа тиесілі 10,8 млн теңгені жымқырды деген айып тағылып, сот кінәлі деп шешкен болатын.

Соңғы жаңалықтар