Тоқаев «Лукойлдың» елдегі қызметі мен жоспары туралы білді
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовті қабылдады.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің қорытындылары және таяу жылдарға арналған жоспары таныстырылды.
Кездесуде мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы талқыланды.
Еске салайық, бұған дейінПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездескенін хабарлаған едік.