20:23, 14 Қаңтар 2022 | GMT +5
Тоқаев митингте ұсталғандар жайлы: Жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болмаса жазаны жеңілдеткен жөн
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде құқық бұзған адамдар жазаланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырды.
«Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн» деп атап өтті Президент.