Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін «Аваза» кешеніне барды, — делінген хабарламада.
Мемлекет басшысын Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездескенін хабарлағанбыз.
Сондай-ақ ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалағанын жазғанбыз.