Тоқаев Турловты FIDE президенті болып сайлануымен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайлануына орай Қазақстан шахмат федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер, меценат Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады.
Ақорданың хабарлауынша, Президент дүниежүзілік беделді ұйымды басқаратын отандасымызға толайым табыс тіледі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланғанын хабарлағанбыз.
Сайлау 26 қыркүйекте Самарқандта 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасымен қатар өтіп жатқан ұйымның Бас ассамблеясы аясында өтті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Тимур Турлов мүмкін болған 196 дауыстың 110-ын жинады.