Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Президент «Жетісу» волейбол клубының оқу-жаттығу кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент
Фото: Ақорда

Биыл пайдалануға берілген ғимараттың құрылысына 1,2 миллиард теңге жұмсалған.

Тоқаев Жетісу волейбол клубына барды
Фото: Ақорда

Ауданы 1 639,4 шаршы метр болатын нысан екі блоктан тұрады. Үш қабатты негізгі ғимарат волейболдан оқу-жаттығу сабақтарын, дене шынықтыру-сауықтыру процестерін өткізуге арналған.

Жетісу облысындағы спорт кешені
Фото: Ақорда

Кешенде спорт және жаттығу залдары, медициналық, әкімшілік кабинеттері бар.

жетісулық волейболшылар
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы спортшыларға арналған тұрғынжаймен танысты. Онда пәтерлерден бөлек, асхана, оқу кабинеттері мен демалыс аймағы қарастырылған. Жеке инвестор салған ғимараттың ауданы — 3866,5 шаршы метр.

Қасым-Жомарт Тоқаев мамандармен және спортшылармен әңгімелесіп, команданың жақсы ойын үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті.

Жетісу волейбол командасы
Фото: Ақорда

Сондай-ақ осыған дейін Алматы қаласында жаттығып келген клубтың енді облыста дайындық жасай алатынына назар аударды. Сөз соңында спортшыларға халықаралық деңгейде өнер көрсету қажет екенін айтып, алдағы жарыстарда жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді.

Жетісу волейбол командасы
Фото: Ақорда

Команда мүшелері қолайлы жағдай жасалғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, волейбол добына қолтаңба қалдыруын сұрады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді.

Соңғы жаңалықтар