Тоқаевқа Tik-Tok компаниясының еліміздегі қызметі туралы баяндалды
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Салық жеңілдіктері, визалық қолдау және басқа да қолайлы шарттардың нәтижесінде шетелдік компаниялар мен IT-мамандар Astana Hub экожүйесінің қатарына қосылуда.

Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесе жүргізіп, жаңа өнімдер әзірлеу мақсатында елімізде Telegram, TON, Tether, Google, EPAM және басқа да әлемдік ІТ-индустрия өкілдіктерінің кеңселерін ашу үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдерді тамашалады. Олардың арасында кен орындарының цифрлық телнұсқасы, дрондарды басқару және өндіріске арналған робот-ит секілді индустриялық шешімдер бар.

Президентке мемлекеттік қызмет көрсету барысында қолданылатын жасанды интеллект технологияларының үлгілері таныстырылды.
Сондай-ақ, AITU экожүйесінің мүмкіндіктері, Nazarbayev University жанынан құрылған Жасанды интеллект институтының (ISSAI) жобалары — KazLLM алғашқы қазақ тілі моделі мен SoyleApp көпфункционалды қосымшасы туралы баяндалды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды.