Токио-2020: Қазақстан спортшылары Олимпиаданы аяқтады

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасындағы жарыстарын аяқтады. Ел құрамасы қоржынында барлығы сегіз қола медаль бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, дүбірлі додаға Қазақстан атынан 97 спортшы спорттың 28 түрінен бақ сынады. Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті айтулы аламанға баратын тізімді нақтылау мақсатында іріктеу және рейтинг жарыстары аяқталғаннан кейін қорытынды шығарды.

Нәтижесінде қазақстандық спортшылар барлығы сегіз қола медаль алды.

Бұл - ел спортшыларының қатысуымен өткен Жазғы Олимпиада ойындарындағы ең төменгі көрсеткіш. Сондай-ақ, өзінің тарихында тарихында тұңғыш рет алтын және күміс медальсыз қайтып отыр. Бұрын мұндай жағдай болған емес.

Ал 2004 жылы Африна Олимпиадасында небәрі жеті медаль олжалап қайтқан еді. Алайда олардың 1-і алтын, 4-і күміс, 3-і қола болатын.


Қазақстан құрамасының бұған дейінгі Олимпиадалардағы көрсеткіші төмендегіше:

Атланта 1996 жыл - 3-4-4 (11)

Сидней 2000 жыл - 3-4-0 (7)

Афина 2004 жыл - 1-4-3 (8)

Бейжің 2008 жыл - 2-3-4 (9)

Лондон 2012 жыл - 3-1-7 (11)

Рио-де-Жанейро 2016 жыл - 3-5-10 (18)


Фото: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК
Соңғы жаңалықтар