Токио-2020: Софья Берульцева мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты

ТОКИО. ҚазАқпарат - Каратеші Софья Берульцева Токио Олимпиадасындағы жеңісті жолын жалғастыруда. Ол үшінші кездесуден соң мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

Әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан ол екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты.

Кейін түрік спортшысымен тең түсіп, үшінші жекпе-жекте әзірбайжадық Ирина Зарецкаядан 5:4 есебімен басым түсті. Осылайша, 5 ұпаймен мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды. Бұл кем дегенде қола жүлде қоржында екенін білдіреді.

Жартылай финал елорда уақытымен 16:20-де өтеді.


Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК
Соңғы жаңалықтар