09:30, 28 Ақпан 2022 | GMT +5
Токио мен 9 префектурада COVID-9-ға байланысты төтенше жағдай мерзімі ұзартылмақ
СЕУЛ. Кyodo - ҚазАқпарат – Жапония Токио мен тоғыз префектура үшін COVID-19-ға байланысты төтенше жағдайды 6 наурызда жоспарланған аяқталу күнінен кейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта Жапонияның 47 префектурасының 31-інде мейрамханалар мен барлардың жұмыс уақытына шектеу қоюды және префектуралар арасында маңызды емес сапарлардан бас тартуды талап ететін төтенше жағдай 6 наурызға дейін жалғасатын болады.
Ал төтенше жағдай шараларын ел үкіметі Токиодан басқа Сайтама, Чиба, Канагава, Гифу, Айчи, Мие, Киото, Осака және Хиого префектураларына енгізуді қарастыруда.
Жапонияда жексенбіде 63,000-нан астам жаңа коронавирус жағдайы тіркелді.