Токио Олимпиадасы: Эльмира Сыздықова алғашқы белдесуде жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында күрес түрлерінен бәсеке басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
None
None

76 келі салмақ дәрежесінде әйелдер арасынан Эльмира Сыздықова боз кілемге шықты.

Алғашқы айналымда оның қарсыласы қырғызстандық Айпері Медетқызы болды. Екеуара кездесу 8:1 есебімен қырғызстандық Айпері Медетқызының еншісіне шешілді.

Қырғызстандық Айпері Медетқызы финалға шыққан жағдайда Қазақстан спортшысы Эльмира Сыздықова жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.

Айта кетерлігі, жарыстың бірінші күні кілемге грек-рим күресінің балуандары да белдеседі.


Соңғы жаңалықтар