Токиода Қазақстан елшісі «The Nippon Foundation» қорының төрағасымен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат – Токиода Қазақстан Елшісі Ақылбек Камалдиновтың «The Nippon Foundation» қорының төрағасы Ёхей Сасакавамен кездесуі өтті,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа еліміздің сыртқы саясат ведомствосынан.Әңгіме барысында ҚР Елшісі Ёхей Сасакава мырзаны Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуының негізгі бағыттарымен, ел Үкіметі ұлттық экономиканы нығайту бағытында қабылдап жатқан шаралармен, қазақстандық қоғамдық демократияландыру саласындағы реформалармен және біздің еліміздің халықаралық аренадағы бейбітшілік бастамаларымен таныстырып өтті. Тараптар Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың түрлі этностар мен дін өкілдерінің арасындағы тыныштық пен келісімді нығайтуға бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезін өткізу және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру туралы идеяларының маңыздылығын қуаттады. Ё.Сасакава көпұлтты Қазақстанды гүлдендіруге бағытталған Мемлекет басшысының күш-жігеріне жоғары баға беріп өтті. Және де жаһандық азық-түлік проблемасын шешуге қомақты үлес қосу үшін Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі бірлескен агроөнеркәсіптік кешендер құруға мүдделілік білдірді. Ё.Сасакава мырза сондай-ақ, «The Nippon Foundation» қорының Қазақстанмен түрлі салаларда өзара байланысты кеңейту мүмкіндіктерін қарастыратынын айтып сендірді. «The Nippon Foundation» қоры құрылған сонау 1962 жылдан бері әлем бойынша білім, ғылым мен мәдениет саласын дамытуға қосқан үлестерімен танымал, қор сондай-ақ қайырымдылықпен айналысады. Ал қор төрағасы Инфекциялық аурулармен күрес жөніндегі бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ізгілік елшісі болып табылады. Ё.Сасакава мырзаның қолдауының арқасында, ондаған қазақстандық студенттер арнайы стипендиялар бойынша жетекші шетелдік университеттерде білім алып жатыр.
Соңғы жаңалықтар