Токиода көшеге қоқыс тастауға тыйым салынбақ
АСТАНА. KAZINFORM — Токио билігі қала орталығында қоқыс көлемінің көбейгеніне байланысты қоғамдық орындарға қоқыс тастауға тыйым салуы мүмкін. Бұған туристер санының өсуі себеп болған, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Kyodo-ға сілтеме жасап.
Үкімет дереккөздерінің хабарлауынша, билік көшеге қоқыс тастағандарға әкімшілік айыппұл салу мәселесін талқыламақ. Сонымен қатар азық-түлік пен сусын сатушыларға және қаптама өндірушілерге бірқатар жаңа міндет жүктеу жоспарланып отыр.
Токио үшін өзен жағалауларында кәуаптан кейін қалатын қоқыс та өзекті мәселеге айналды. Билік қандай қалдық түрлері мен әрекеттерге шектеу қоятынын, сондай-ақ жаңа талаптарды қай аумақтардан бастау қажеттігін талқылайды.
Қазір Токионың кейбір аудандарында осыған ұқсас ережелер енгізілген. Алайда бірыңғай талаптар ережелерді біріздендіріп, мәселені бүкіл қала бойынша жүйелі шешуге мүмкіндік береді.
Синдзюку ауданында қоқысқа тастауға тыйым салынған заттардың қатары көбейеді. Қазір бұл тізімге бөтелкелер, темекі тұқылдары, сағыз және қағаз қиықтары кіреді. Қазан айында жаңартылған қаулы күшіне енгеннен кейін, тыйым салынған заттардың қатарына тамақ контейнерлері мен бір рет қолданылатын ағаш таяқшалар қосылады.
Бұған дейін биыл Қазақстанда 2 637 заңсыз қоқыс орны анықталып, 83%-ы жойылғаны хабарланған болатын.
Ақзат Жиеналина