Толассыз жаңбыр салдарынан еліміздің екі облысында жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің екі облысында жол жабылды, деп хабарланған ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.

Толассыз жаңбыр салдарынан еліміздің екі облысында жол жабылды

Атап айтқанда, жаңбыр жауып, жердің саздақтануы салдарынан Қарағанды облысының "Қызылорда-Павлодар" тас жолының (216-424 шақырымдары) Қызылорда облысы - Жезқазған қаласы учаскесінде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

Сондай-ақ Қызылорда облысында "Қызылорда-Павлодар" тас жолының (12-216 шақырымдары) учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.