Толассыз жауған қарды көрген панда қатты қуанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтонда толассыз жауған қалың қар Тиан Тиан есімді панданы таңқалдырды, деп хабарлайды 24.kz. RT-ға сілтеме жасап.
Вашингтондағы ұлттық хайуанаттар бағында өмір сүретін панда үйілген қарды көріп, мәз-мейрам болды. Қарға аунаған ол қуанышқа бөленіп, ойнай бастады.