Толассыз жауыннан кейін Алматы көшелерін су басты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда толассыз жауған жауыннан көшелерді су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Су астында қалған көшелердегі көріністі тұрғындар суретке, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жатыр.

Таңға жуық басталған жаңбыр әлі де толассыз жауып тұр.

Ағын су арықтан асып, тротуарларға жайылған. Әсіресе көпірдің асты мен сайларда су тізеге жетіп қалды.

Бұған дейін төтенше жағдайлар департаменті Алматыда ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.

Департамент таратқан мәліметке қарағанда, жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында 28-30 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.



Соңғы жаңалықтар