Төлеби ауданында екі көпір пайдалануға берілді - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында екі көпір пайдалануға берілді.
None
None

Облыстық әкімдікте хабарлағандай, екі тозығы жеткен көпірді қалпына келтіруге 231 млн-нан астам қаражат кетті. Бірінші көпір - Сайрамсу өзені арқылы Көксәйек пен Ұзынарық елді мекендерін қосады. Екінші көпірден Батам өзені арқылы Киелітас ауылының тұрғындары өтеді.

Облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа тіректер мен өзен арнасы бекітіліп, жиектер орнатылды, жол жамылғылары төселді. Мердігерлік ұйым осы қыруар жұмысты жырты жылда жасап үлгерді.

Аудан әкімі Әуелхан Тұрғымбековтың айтуынша, 2014 жылы ауданда 5 көпір пайдалануға беріледі, ауданда барлығы 50-ге жуық көпір бар.

Соңғы жаңалықтар