Төлебилік ардагерлерге Сағадат Нұрмағамбетов медалі мен куәлігі табысталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданына облыстың Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Талғат Әліқұлов арнайы ат басын бұрды.
None
None

Сапар аясында Т.Әліқұлов ауданға еңбек сіңірген бірқатар азаматтарға Кеңес Одағының батыры, Халық қаҺарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы « Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов» медалі мен куәлігін табыс етті.

Атап айтқанда, Е.Тұрғымбеков, Ә.Кембаев, Қ.Оңғаров, А.Төлепбергенов, К.Жолымбек, А.Хасанов сынды ел алдында жүрген тұлғалар аталмыш марапатқа ие болды. Бұл туралы Төле би аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлайды, делінген ОҚО әкімдігінің ресми сайтында. Айта кетейік, куәліктерге «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің төрағасы, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев қол қойған. Өз кезегінде сөз алған аудан басшысы Әуелхан Елтайұлы халық қазынасы ардагерлерімізді құттықтады. Сондай-ақ «Төле би» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Д.Юсуповтің шешімімен аудандық мәслихаттың хатшысы Ә.Шыңғысбаевқа «Төле биге - 350 жыл» медалі мен куәлігін табыстады. Сөз соңында «Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне алдағы уақытта да өз үлестеріңізді қоса беретіндеріңізге сенемін», - деген лебізін білдірді Т.Әліқұлов.

Соңғы жаңалықтар