Толеранттылық қазақ халқының көпғасырлық мәдениеті үшін тәлімдік норма - Минскідегі конференцияға қатысушылар

Қазақстанның Беларус Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған конференцияға Қазақстан Республикасының Парламенті мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Беларус мемлекеттік органдарының өкілдері, Минскіде тіркелген ТМД елдерінің елшілері, екі елдің ғалымдары және журналистер қатысты.
Конференция аясында замана ығыттарының контекстіндегі ортақ рухани кеңістіктің ағымдағы жағдайы мен қалыптасу және даму келешегін мазмұндайтын өзекті мәселелер сөз болды.
Конференцияға қатысушылардың айрықша назары ұлтаралық тұрақтылықты сақтау мәселесіне аударылды. Қазақстанның Беларус Республикасындағы Елшісі Анатолий Смирнов өз сөзінде, аталмыш конференцияның Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық - ХV сессиясының өзіндік жалғасы екенін атап көрсетті. Елші
А.Смирнов, Мемлекет басшысының Ассамблея алдында жаңа міндеттер мен мақсаттар қойғанын атап көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстанның Ұлттық бірлігінің доктринасын қабылдау жоспарлануда.
Конференцияға қатысушылар өз баяндамаларында, Қазақстанның ұлыс және конфессияаралық келісімді сақтау ісіндегі бірегей тәжірибесіне тоқталып, осының барлығы Президент Н.Назарбаевтың ұлтаралық қатынастар сияқты өзекті мәселедегі сарабдал саясатының арқасында екенін атап көрсетті. Сондай-ақ
толеранттылықтың - қазақ халқының көпғасырлық мәдениеті үшін тәлімдік норма екені атап көрсетілді.