Төлеутай Рақымбеков сайлау учаскесіне барды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков дауыс беру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Т. Рақымбеков елордадағы Ұлттық музейде орналасқан № 52 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7:00-20:00 аралығы) болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:00-де ашылды.

Соңғы жаңалықтар