Толғанай Қасымхан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Толғанай Қасымхан Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында финалдық кездесуін өткізді. Kazinform бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды 

Толғанай Қасымхан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: sports.kz

60 келі салмақта өнер көрсететін Қасымхан финалда ресейлік Кира Леоновамен кездесті. Үшінші раундта төреші қазақстандыққа нокдаун санады. Осыған қарамастан спортшымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Толғанай Қасымхан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанға екінші «алтынды» әкелді. Бұған дейін өз салмағында Аяжан Сыдық (54 келі) турнир чемпионы атанған болатын.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан құрамасынан 66 келі салмақтағы Айсұлу Мұхит, ертең ұлдар арасында Нұрасыл Төлебек (54 келі) ақтық сынға шығады.

Соңғы жаңалықтар