Толқынмен жарысқан экстремал киттің үстінде жүзгенін байқамай да қалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өте сирек кездесетін оқиға, кайтсёрфердің киттің арқасында сырғанап жүзуі  камераға түсіп қалды. Экстремал өзінің  Калифорния жағалауында толқындармен таласа жүзуінің осындай естен кетпес оқиғаға ұшырататындығын күткен жоқ еді.

Толқынмен жарысқан экстремал киттің үстінде жүзгенін байқамай да қалған

Андрей Григорьев  Калифорниядағы Крисси Филд жағажайында кайтсёрфингпен немесе кайтбордингпен -батпырауықтың (кайт) көмегімен тақтайшада  толқын үстінде сырғи жүзбек болады.

Ол бар көріністі түсіру үшін экшен-камераны бекіткен. Кадрға ғажайып оқиға түсіп қалған. Ол байқаусызда бүкір киттің үсітнен бір-ақ шыққан.

«Шамамен 15 секундтай менің жүзу тақтайшамның астында бір нәрсе барлығын сездім. Артынша киттің тап менің жанымда судан ырши секіргенін көрдім»,-дейді Андрей.