Томас Бах ХОК-тің құрметті президенті болып сайланды

АСТАНА. KAZINFORM – Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында Томас Бах ХОК-нің құрметті президенті болып өмір бойына сайланды. Бұл туралы ҰОК хабарлады. 

Томас Бах ХОК-нің құрметті президенті болып сайланды
Фото: ҰОК

Ол бұл қызметті 2025 жылғы 23 маусымда президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін атқарады. 

Аталмыш бастаманы ХОК-нің Атқарушы комитеті атынан ұйымның бірінші вице-президенті Николь Хуверц ұсынды, ал ХОК мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. 

Томас Бахтың құрметті лауазымға сайлануы оның олимпиадалық қозғалысты дамытуға қосқан үлесінің мойындалуы болды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін бокстың 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар