Төмен байытылған уран банкі қоймасын Ұлттық гвардия күзетеді

«Үлбі металлургиялық зауытының күзетілетін аумағындағы қойманың қауіпсіздігін Ұлттық гвардия әскері күзетке алады. Жалпы, біз мұндай материалдармен 40 жылдан астам жүмыс істеудеміз. Бұл атом электр стансалары үшін отын дайындауға арналған шикізат саналатын стандартты материал. Зауыт осы уақытқа дейін мұндай материалдармен жұмыс істеп тұрған, бізде қандай да бір тосын оқиға болған емес», - деді ол.
Ходановтың айтуынша, төмен байытылған уран еуропалық 30В стандарты үлгісіндегі цилиндрде сақталады. Цилиндрдің қалыңдығы 13 сантиметр, жоғары көміртекті болаттан жасалған.
«Бұл толығымен қауіпсіз құрылғы және материалдың сақталуына қамтамасыз етеді. Ол қандай апат орын алса да сыртқа шығарындының орын алуына жол бермейді», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, ярдолық материалдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық шаралары жүргізілген және оны МАГАТЭ сарапшылары толық тексеріп, оң баға берген.
Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «ҚР Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агентік арасындағы Қазақстан Респубилкасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңының жобасы талқыланды.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Үкіметі өз қаулысымен елімізде МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкін «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ында орналастыру туралы келісімге қол қоюды мақұлдаған болатын. Сол жылдың 27 тамызында келісімге Қазақстан тарабынан Ерлан Ыыдырсов пен МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Амано қол қойған еді.