Томотерапия ТМКК тізбесінде қалады: Онкопациенттер жоспарлы ем алуды жалғастырады

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігі томотерапияның тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) тізбесіне енуін жалғастыратынын және онкологиялық аурулар бойынша емделіп жатқан барлық пациент толық көлемде ем алатынын хабарлайды. 

Томотерапия ТМКК тізбесінде қалады: Онкопациенттер жоспарлы ем алуды жалғастырады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Негізгі өзгеріс тек көмек көрсету нысанына қатысты болды: енді ол амбулаториялық жағдайда емес, күндізгі стационар шеңберінде – радиациялық онколог дәрігердің және медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауында жүзеге асырылады. 

Бұл шешім емдеу үдерісіне неғұрлым мұқият бақылауды қамтамасыз етуге, оның тиімділігін, көрсетілетін медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

– 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында Қазақстанда онкологиялық көмек орталықтарының желісі белсенді дамып келеді. Медициналық мекемелерге алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтары жеткізіліп жатыр. Жоғары технологиялық жеделдеткіштерді енгізу радиотерапия саласындағы бірқатар өзекті мәселені шешуге және онкологиялық науқастарды емдеудің қолжетімділігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. 

– Бүгінгі таңда Қазақстанда 22 желілік жеделдеткіш және 20 гамма-терапевтік аппарат жұмыс істейді. 2024 жылы еліміздің бес өңірінде – Абай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында (2 аппарат) 6 жаңа жеделдеткіш пайдалануға берілді. Бұл сәулелік терапиямен қамтуды едәуір кеңейтуге және барлық мұқтаж пациенттерді заманауи емдеумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 

– 2025 жылы Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тағы төрт желілік жеделдеткіш орнату жұмыстары жалғасып жатыр. 

– Жаңа желілік жеделдеткіштерді енгізілуі бейімделетін және 4D-сәулелік терапияның инновациялық технологияларды қолдануға мүмкіндік берді. 

Бейімделген терапия дәлдіктің жоғары деңгейін және нақты уақыт режимінде пациенттің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты сәулелену дозасын өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 

Еске салсақ, осыған дейін елімізде жыл сайын 600-ге жуық бала онкологиялық ауруға шалдығатынын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар