Томск облысы Астанада роботтар шоуын көрсетеді

«Стендте алғаш рет Томск қаласы университеттерінің ұжымдық экспозициясы ұсынылатын болады. Көрмеге келушілер білім берудің жаңа технологияларымен, ЖОО-лар жанында ғылымды қажетсінетін кәсіпорындарды құру тәжірибесімен, Томск облысының бірегей білім беру ортасымен таныса алады. Көрмеде «Томскінің инновациялық брендтері» байқауынының жеңімпаз-компаниялары өздерінің туындыларын ұсынады. Экспозицияның жұмыс істеу күндерінде Томск стендінде роботтар көрмесі көрсетіледі», - деп хабарлады Томск облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Көрменің іскерлік бағдарламасының аясында «Томск облысының Қазақстан Республикасымен ынтымақтастығының әлеуеті» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтеді. Томск тарапынан оған губернатордың ғылыми-білім беру кешені және инновациялық саясат жөніндегі орынбасары Алексей Князев, жоғары кәсіби білім беру жөніндегі облыстық департаменттің бастығы Алексей Пушкаренко, томскілік ЖОО-лар мен инновациялық компаниялардың өкілдері қатысады.
Астанаға сапарының барысында А.Князев сондай-ақ Назарбаев Университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде, «Астана - Жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы мен Биотехнология ұлттық орталығында болады.
21 ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Алексей Князев «Химия саласындағы инновациялық зерттеулерді енгізудің Томск тәжірибесі» тақырыбында дәріс оқиды. Ол С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде көрсетілетін болады.