Тонга Корольдігі жағалауында жер сілкінісі болды

ТОНГО. ҚазАқпарат – Тонга Корольдігі жағалауында сейсенбі күні Гринвич бойынша сағат 18:35-те жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тонга Корольдігі жағалауында жер сілкінісі болды
Фото: aa.com.tr

Жер сілкінісі Хифофодан солтүстік-шығысқа қарай 135 шақырым қашықтықта болған. Магнитудасы - 6,2 балл. Эпицентр координаттары - 15,00 градус о.е, 173 градус б.б. Гипоорталығы 120,1 шақырым тереңдікте жатты.