Тоо-Ашуу асуындағы жол-көлік апатынан төрт адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тоо-Ашуу асуындағы жол-көлік апатынан төрт адам қаза тауып, 14 адам зардап шекті, деп хабарлайды Қырғызстан ТЖМ.
None
None

4 қараша күні кешке Көлбаев атындағы туннельде (Тоо-Ашуу асуы) жүк көлігі төрт жеңіл машинаны соғып кеткен. Салдарынан төрт адам қаза тауып, 14 адам түрлі деңгейде жарақаттанды. Зардап шеккендер Қара Балта қалалық ауруханасына жеткізілді, үшеуін Жайыл өлкелік ауруханасына алып кеткен. Құрбандардың денесі құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Алдын ала болжам бойынша, жүк көлігінің тежегіші істен шығуы мүмкін. Туннель арасындағы қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Зардап шеккендерді көшіру және туннель ішінде қалған жолаушыларды құтқару жұмыстарына Қырғызстан ТЖМ Республикалық тау-құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды. 

Соңғы жаңалықтар