Топографиялық жұмыс тобы қырғыз-тәжік шекарасының тағы 3,71 шақырымы бойынша келісімге келді

Қырғызстан мен Тәжікстанның үкіметтік делегацияларының қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша топографиялық жұмыс топтарының кезекті отырысы өтті, деп жазады Кабар агенттігі.

Кыргызстан и Таджикистан, граница
Фото: Кабар

Отырыс барасында топографиялық жұмыс тобы қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының 3,71 шақырымы бойынша келісімге қол қойды. 

Тараптар Тәжікстан аумағында өтетін келесі кездесуде қалған бағыттарды анықтау жұмысын жалғастырады.

Тиісті хаттамаға қол қойылды.

Кездесу достық пен өзара түсіністік жағдайында өтті.

Соңғы жаңалықтар