Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«А. есімді азамат, Алматы қаласы ПД-нің әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ұстау изоляторында отыр. Сонымен қатар, А. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша да қылмыстық іс тіркелді»,- деп атап өтті полициядан.

Аталған қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болғаны хабарланған еді. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстады және медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткіге мас екендігі белгілі болды.

Сол күні есірткіге масайған көлік жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды.

Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өкінетінін айтқан.

Айта кетсек, пабликтер ресми ақпаратта «А. есімді азамат» деп берілген көлік жүргізушінің Төреғали Төрәлі (Алиханов – ред.) екенін жаппай жазды.

Кейін Төреғали Төрәлінің қарындасы әлеуметтік желіде ағасы туралы ақпараттың жалған екенін жазды.

Соңғы жаңалықтар