Төрехан Сабырхан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем біріншілігін жеңіспен бастады. 

бокс
Фото: ҰОК

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Төрехан үшін дебюттік кездесу сәтті болды. Отандасымыз алжирлік боксшы Эсуф Яичемен тартысқа толы жекпе-жек өткізді. 

Үшінші раундта Төрехан екі мәрте қарсыласын есеңгіретіп, төреші есеп ашты. Осылайша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы аясындағы 2025 жылғы әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы рингке шығатынын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар