Төрехан Сабырхан, Айбек Оралбай бастаған Азиада жүлдегерлері елге оралды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Азиада-2026 чемпиондары мен жүлдегерлерінің үлкен тобы елге оралды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Триумфаторов Азиады-2026 встретили в аэропорту Алматы
Фото: Альберт Ахметов / Kazinform

Алматы әуежайында спортшыларды жанкүйерлер, туған-туыстары мен жақындары, сондай-ақ жас спортшылар қарсы алды.

Триумфаторов Азиады-2026 встретили в аэропорту Алматы
Фото: Альберт Ахметов / Kazinform

Елге оралғандардың қатарында бокстан Азиада чемпиондары Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай, күміс жүлдегерлер Елдос Сметов пен Ажар Асхат, сондай-ақ қола жүлдегерлер Махмұд Сабырхан, Алуа Балқыбекова, Наталья Богданова, Екатерина Таранцева, Екатерина Токарева, Анастасия Ананьева және басқа да спортшылар бар.

Триумфаторов Азиады-2026 встретили в аэропорту Алматы
Фото: Альберт Ахметов / Kazinform

Спортшылар жерлестеріне жылы қарсы алғаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Триумфаторов Азиады-2026 встретили в аэропорту Алматы
Фото: Альберт Ахметов / Kazinform

Еске салайық, Азиада-2026 қорытындысы бойынша Қазақстан 84 медаль (12 алтын) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға ие болды.

Триумфаторов Азиады-2026 встретили в аэропорту Алматы
Фото: Альберт Ахметов / Kazinform

4 қазанда Жапонияда Азиада-2026 ойындарының жабылу салтанаты өткені туралы жазған болатынбыз.