Төрехан Сабырхан Азия чемпионаты финалында сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM - Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 6 сәуірде Төрехан Сабырхан (70 келі) финалға шықты.

Төрехан Сабырхан
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Отандасымыз 1/2 финалда Қытай өкілі Пейчанг Уангпен жұдырықтасып, қарсыласын 3 мәрте нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төреші 2-раундта айқасты тоқтатуға шешім қабылдады. Отандасымыз жартылай финалда таиландтық Бунджонг Синсиримен қолғап түйістіреді.

Төрехан Сабырхан 2006 жылы 13 ақпанда дүниеге келген. 2025 жылы Англияның Ливерпуль қаласында ересектер арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Бақыт Сейдіш (70 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) финалға жолдама алса, Валентина Хальзова (70 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі) қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ еліміздің ерлер құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), әйелдерде Айгерім Сәттібаева (48 келі) финал жолдамасын сарапқа салады.

Құрлықтық додада ел құрамасынан барлығы 13 боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар