Төрехан Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM - Төрехан Сабырхан (67 келі) бокстан жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы атанды.
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ол кубалық Дэвид Мануэль Эспиноса Сантояны жеңді.
Дүбірлі додада ширек финалда өзбекстандық Акбар Ахмадов, черногориялық Милош Роганович пен ауғанстандық Самир Хамдамды тізе бүктірді.
Ал жартылай финалда қытайлық боксшыны қапы қалдырды.
Айта кетсек, қазақстандық боксшы жастар мен жасөспірімдер арасында төрт мәрте Азия чемпионаты атанған.
Айта кетсек, Төрехан Сабырхан - еліміздің жастар құрамасының капитаны.
Енді ел құрамасынан бүгін Санжарәлі Бегалиев (75 келі) өзбекстандық Джафарбек Шахбазовпен, Аружан Зейноллаева (81 келі) тағы бір өзбекстандық Рухшона Парпиевамен шаршы алаңға шығады.
Айта кетсек, АҚШ-тың Пуэбло қаласында World Boxing федерациясы аясында өтіп жатқан бокстан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық екі боксшы финалға шықты.