Торғайлықтарға 1% несие қашан беріле бастайды – облыс әкімінің жауабы

құмар ақсақалов
Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Торғай халқына 1 пайыздық мөлшерлемемен несие қашан беріле бастайтынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Брифинг кезінде журналист Торғай өңірінің тұрғындарына 1 пайыздық несие беру туралы уәде қашан орындалатынын сұрады.

«1,5 млрд теңге 1 процентпен бөлінді. Қазір Жангелді, Амангелді аудандары мен Арқалық қаласының кәсіпкерлері бүкіл құжаттарын дайындап, тапсырып жатыр. Қаражатымыз дайын. Жаңағы құжаттарын бітіріп, тапсырса, қаржыландыруға дайынбыз», – деді Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ облыс басшысы Рудный қаласындағы қазақ мектептерінің тапшылығы қалай шешілетінін айтты.

«Рудный қаласында екі мектеп салынып жатыр. Бұл – қазақ мектептері. Сондықтан бұл мәселе де кезең-кезеңімен шешіледі», – деді Қостанай облысының әкімі.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum