Торонто зообағында әйел құлаған қалпағын алу үшін жолбарыстың торына шыққан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Торонто қаласындағы зообаққа барған әйел ұшқан қалпақты алу үшін Хари есімді жолбарыстың торына шыққан.
Toronto Sun басылымы хабарлағандай, болған оқиғаның куәгерлері мекеме қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге балаларымен келген адамдар болды. Атап өтейік, әйел тордың ішінде емес, арнайы аймаққа кірген. Алайда жолбарыс пен оның арасында жұқа сым ғана болған.
- Бұл өзгелер үшін нашар үлгі болуы мүмкін. Бұл жауапсыздық, - деді зообақ өкілі Дженнифер Трэйси.