«Торпедо» Континенталды кубок ойындарында финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Торпедо» (Өскемен) командасы шайбалы хоккейден Континенталды кубок ойындарында екінші кездесуін Францияның «Анже Дакс» командасына қарсы өткізді.

Континенталды кубок ойындарында «Торпедо» екінші кездесуін өткізеді
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Кездесу барысында командалар бірінші және кінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан асңылау таба алған жоқ. Шешуші кезеңде алдымен франциялық хоккейшілер екі гол соқса, одан қазақстандық клуб таразы басын теңестірді.

Негізгі кезеңде 2:2 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда франциялық команда жеңіс шайбасын соғып кетті.

Осылайша «Торпедо» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді. 

Қазақстандық клуб бұл турнирдегі алғашқы кездесуінде «Хернинг Блю Фоксынан» 6:2 есебімен басым түсті. 

Екі ойында төрт ұпай қоржынға салған «Торпедо» өз тобында бірінші орын алды. Енді олар алтын жүлдеге таласады.

«Торпедо» - «Дюк Д`Анже» 2:3 ОТ (0:0, 0:0, 2:2, 0:1)

0:1 - Риц (Донахью) - 42:24

0:2 - Хэлли (Онно, Центаццо) - 46:14

1:2 - Панченко (Рунов, Хорошев) - 52:45

2:2 - Алдабергенов (Панченко, Рыжий) - 56:30

2:3 - Аршамбо (Шарбонно) - 63:46

Қақпашылар: Пестов - Смит

Әрбір топтың жеңімпазы финалдық кезеңде алтынға таласады. Екінші орын алған клубтар қола жүлдені сарапқа салады. Топтық кезеңде үшінші орынды місе тұтқан ұжымдар турнирдің бесінші орны үшін мұзайдынға шығады.

Халықаралық турнир 18 қаңтар күні мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар