«Торпедо» - шайбалы хоккейден 2025 жылғы Қазақстан кубогының иегері

АСТАНА. KAZINFORM - Өскемендік «Торпедо» шайбалы хоккейден 2025 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды.

«Торпедо» шайбалы хоккейден Континенталдық кубок ойындарына қатысатын болды
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Финалдық ойында олар Қарағандының «Шахтер» командасынан 4:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде кубокты төбесіне көтерді.

  • «Торпедо» (Өскемен) - «Сарыарқа» (Қарағанды) 4:1 (3:0, 0:1, 1:0)
  • 1:0 - Панченко (Мусоров) - 02:55
  • 2:0 - Мусоров (Хорошев) - 05:19
  • 3:0 - Александров (Боровиков, Рысбеков) - 19:51
  • 3:1 - Кузьменко - 34:35 
  • 4:1 - Рахманов - 57:49 

Жартылай финалда «Торпедо» Петропавлдың «Құлагерін», «Сарыарқа» көкшетаулық «Аранды» қапы қалдырды.

Топтық кезеңде командалар Өскемен және Қарағанды қалаларында шеберлік байқасты. Топтық кезеңнен кейін жартылай финал ойындары жалғасты. Онда топта бірінші орын алған командалар екінші топтағы екінші орындағы ұжымдармен финал жолдамасын сарапқа салды. Шешуші ойындар Қарағанды қаласында өтті.

Соңғы жаңалықтар