Төрт дүркін «Тур де Франс» жеңімпазы допинг қолданғаны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Велосипедшілердің халықаралық одағы (UCI) британдық велошабандоз Крис Фрумға  2017 жылғы «Вуэльта» көпкүндігі кезінде тапсырған допинг сынамасында сальбутамол заттегінің допингке қарсы ережелер нормасынан асып кеткенін ескертті. Бұл жайлы ұйымның баспасөз қызметі ТАСС агенттігіне хабарлады.

Төрт дүркін «Тур де Франс» жеңімпазы допинг қолданғаны белгілі болды

Допинг сынамасы 2017 жылдың 7 қыркүйегі күні Фрум жеңіске жеткен беделді веложарыс кезінде алынды. «Б» сынамасы да теріс нәтиже берген.

Фрум «Тур де Франстың» төрт дүркін жеңімпазы (2013, 2015, 2016, 2017). Өткен маусымда ол «Үлкен петля» және «Испан вуэльтасы» веложарыстарында жеңіске жетіп, 1978 жылы бір жылда аталмыш екі турда жеңіске жеткен француздық Бернар Инодан кейінгі бірінші және тур тарихындағы үшінші велошабандоз атанды.