Төрт елдің әскери қызметшілері Қазақстанда «көрсетілген ауданды» тексеруді жүргізді (ФОТО)

Италияның өкілдері басқарып отырған инспекциялық топқа Канада, Португалия және Францияның әскери қызметшілері кірді. Олар инспекцияланатын «көрсетілген аудан» шегінде КҚКТШ-мен шектелетін қару-жарақ пен әскери техниканың болмауы немесе болуы деректерін тексерді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі. Инспекторлар Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің ілесіп жүруші тобына «көрсетілген ауданның» координаттары бар хабарламаны табыс етті. Бұл аудан Орал қаласының шегінде Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан болатын. «Көрсетілген ауданның» жалпы ауданы 63 шаршы шақырымды құрады, бұл Шарттың ережелеріне сәйкес рұқсат етілетін болып саналады (аудан 65 шаршы шақырымнан аспауы тиіс). Инспекциялық топты өткізу орнына жеткізіп салу ҚР ҚК ӘҚК Ан-26 әскери-көліктік ұшағымен жүзеге асырылды. Орал қаласындағы әскери бөлім, «Батыс Қазақстан машина құрастыру компаниясы» АҚ және «Омега» зауыты инспекцияланды. Тексеру қорытындысы Қазақстан толық көлемде Еуропадағы кәдімгі қарулы күштері туралы шарт (КҚКТШ) бойынша халықаралық міндеттемелерді толық көлемде орындап жатқанын және қатыспайтын техника мен қару-жарағы жоқ екенін растаған ресми түрдегі есеп беру болды. Көпұлтты инспекциялық топтың жетекшісі ҚР Қарулы Күштері өкілдерінің «көрсетілген ауданда» инспекцияның қамтамасыз етуінің жоғары деңгейін атап өтіп, бірлескен жұмысты өткізуге қолдау білдіргені үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің алып жүруші тобына және оның басшысы подполковник Нұржан Смағұловқа ризашылығын білдірді. 1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның аумағында Еуропадағы кәдімгі қарулы күштері туралы (КҚКТШ) шарттың ережелеріне сәйкес «көрсетілген ауданды» инспекциялау бойынша барлығы 22 тексеру жүргізілгенін атап өткен орынды.